jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Азық түлікке сәнді көйлекпен барған Мадина Сәдуақасова желіде қызу талқыға түсті (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

    Әнші Мадина Сәдуақасова азық түлік алуға сәнді көйлекпен барып, оқырмандарының қызу талқысына түсті. Өнер иесі видеомен Instagram парақшасында бөліскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Үйлеріңізде азық түлікті кім алады? Күйеуіңіз бе, әлде әйелі ме?", - деп жазды әнші.

    Ал желі қолданушыларын әншінің азық түлікке барғаны емес, киіну стилі қатты қызықтырған.

    "Дүкенге дәл бұлай бармайтын шығарсыз?", "Азық түлікке өзім барамын. Бірақ балалардан қашып, спорттық киіммен шығамын", "Күшті болып жүрсіз", "Мынадай көйлекпен азық түлік алуға барсақ, бәрі есінен адасатын шығар", "Осындай көйлекпен біз тойға барамыз ғой".

    "Коляскаға баланы салып алып, астына азық түлік толтырып ап келемін", "Көйлекті тек тойға киеміз", "Әйел адамның әрқашан осылай әдемі болып жүргені жақсы ғой", "Мені көр деген видео ғой" деп пікір білдірді әншінің оқырмандары.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.