jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бастапқы құны 8 мың доллар": әйгілі Диана ханшайым киген көйлектің эскизі сатылымға шығарылды (фото)

    Диана ханшайым
    Диана ханшайым. Фото: Tim Graham Photo Library via Getty Images

    Диана ханшайым киген көйлектің эскизі сатылымға шығарылды. Көйліктің эскизін британдық сәнгер Виктор Эдельштейн жасаған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, аукцион 27 шілдеде Nate D. Sanders аукционында онлайн-форматта өтеді. Лоттың бастапқы бағасы 8 000 долларды құрайды.

    "Түймелері гауһар тастан, жібек барқыттан қара көйлек", - деп жазылған дизайнер қалдырған суреттің сипаттамасында.

    Диана ханшайым қара көйлегінің эскизі
    Диана ханшайым қара көйлегінің эскизі. Фото: dailymail.co.uki

    Аталған эскиз бойынша тігілген көйлекті ханшайым алғаш рет 1989 жылы "Опасные связи" фильмінің премьерасында киіп шыққан.

    Диана ханшайым
    Диана ханшайым. Фото: Tim Graham Photo Library via Getty Images

    Lenta.ru басылымының дерегінше, шілде айының басында Диана ханшайымның свитері сатылымға шығарылған. Лоттың бастапқы бағасы 70 мың фунт стерлинг. Аукцион биыл 7 қыркүйкте өтеді деп жоспарлануда. Ханшайым ол киімді алғаш рет 1981 жылы маусымда өткен поло матчына киген екен.

    "Бастапқы құны 8 мың доллар": әйгілі Диана ханшайым киген көйлектің эскизі сатылымға шығарылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.