jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Көбі тиісіп кетті": әнші Ұланғасыр Қамиев ұзын шашын қысқартып тастады (видео)

    Ұланғасыр Қамиев
    Ұланғасыр Қамиев. Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

    Отандық әнші Ұланғасыр Қамиев шаш үлгісін өзгертті. Өнер иесі бұлай істеуіне не себеп болғанын да жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті, қазақ елі. Шашыма көп адам тиісіп кеткесін, қидыруға тура келді", – деді Ұланғасыр Қамиев Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода.

    Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі әншінің қысқа шашына риза болса, екіншілері ұзын шаш жарасатынын айтты.

    "Қысқа шаш дұрыс екен", "Ұзын шашыңыз ерекше жарасатын еді", "Сақалыңды алдырып тастасаң да дұрыс болады", "Мұрт жараспайды", "Енді мұртын алып тастап жүрмесін", "Ешкімнің сөзін тыңдама", "Бұрынғы шаш үлгің жақсы жарасатын еді", "Екі шаш үлгісі де жарасады", – деп жазды желідегілер.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Ұланғасыр Қамиев сүйіктісі жоқ екенін және өзі жүрген жерде етегін жапқан қыз байқамағанын мәлім еткен болатын.

    "Көбі тиісіп кетті": әнші Ұланғасыр Қамиев ұзын шашын қысқартып тастады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.