jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Желіде ерекше образын көрсеткен Балжан Бидашты ел танымай қалды (фото, видео)

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

    Отандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде жаңа образын паш етіп, елді қатты таңғалдырды. Қалың көпшілік имиджін өзгертіп тастаған өнер иесін танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында ерекше образдағы суретін жариялап, елдің қызу талқысын тудырды.

    "Өзгеріске толы өмыр. Жаңа образ қалай", - деп жазды әнші ару.

    Суретте өнер иесінің қолаң шашы қысқарып қалғанын көруге болады. Шоу-бизнес жұлдызы шашын қысқартып қана қоймай, оны қара түске бояп тастаған.

    Әнші ару фотодан кейін видео жариялап, көпшілікке имиджін қалай өзгерткенін көрсетті.

    Желі қолданушылары Балжан Бидаштың бұл өзгерісіне қатты таңғалып қалған. Кейбір оқырмандар өнер иесін тіпті танымай қалғанын жазуда. Тағы бірі әнішінің шашын қиып тастағанына сенбейтінін айтты.

    "Керемет өзгеріс", "Отсың қыз. Саған бәрі жараса кетеді", "Артыңызға қанат жабыстырсаңыз фея болып шығасыз", "Балжанды танымай қалдым", "Неге ұзын шашты осыншама қысқарттыңыз", "Меніңше, парик секілді", "Сіздің мына өзгерісңізді қабылдай алмай жатырмын", "Шынымен осылай өзгеріп кеттіңіз ба? Әлде бәрі уақытша ма?", "Мына шашты қалай ша қидыңыз", * деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.