Шоубиз

Зектілері

LC Waikiki бренді жаңа күзгі топтамасын таныстырып, сән көрсетілімін өткізді

Жарияланған күні:

LC Waikiki сән көрсетілімі
Фото: LC Waikiki

Халықаралық LC Waikiki киім бренді жаңа күзгі топтамасын іске қосқанын жариялап, Dostyk Plaza СОО-дағы флагмандық дүкенінде жарқын сән көрсетілімін өткізді.

LC Waikiki-дің күзгі топтамасы маусымды бейнелеп, бейтарап түстерді, жұмсақ маталарды, кең силуэттерді және жаңартылған пиджактар, жилеттер мен кең шалбарларды қамтитын жиынтықтарды ұсынады. Топтама қарапайымдылықты, жайлылықты және талғампаздыққа ойысып, күнделікті киюге арналған заманауи әмбебап киімдер ұсынады.

"14 жылдан бері біз Қазақстандағы ең танымал киім бренді болып келеміз. Осы жылдар ішінде біз үлкен отбасына айналдық және болашақта да өсе беретінімізге сенеміз. Осы үшін клиенттерімізге алғысымызды білдіреміз", - деп пікір білдірді Илькер Хаджыоғлу, LC Waikiki-дің SSAA өңірлеріндегі аймақтық бөлшек сауда бойынша бас менеджерінің орынбасары. "Біз бұл жолды "Әркім жақсы киінуге лайық" деген сөздермен бастадық, ал қазір "Жаңа маусым – жаңа сен!" деп жалғастырамыз"!

Илькер Хаджыоглу
Илькер Хаджыоглу. Фото: LC Waikiki

Айта кетейік, LC Waikiki Қазақстан нарығында берік орналасып, 20 ірі қалада 50 дүкені бар. 2000-нан аса қызметкері бар және жалпы сатылым көлемі 88 401 449 862 теңгеге жеткен (184 366 460 АҚШ доллары) LC Waikiki бөлшек сауда саласының ең көрнекті ойыншыларының бірі саналады. Бренд тартымды бағаларымен және ерлерге, әйелдерге, балаларға арналған киімдер мен үйге арналған тауарлардың кең ассортиментімен танымал.

2024 жылдың соңына дейін бренд 23 миллион тауар сатып, табысты 100 908 186 465 теңгеге (210 450 000 АҚШ долларына) дейін арттыруды жоспарлап отыр. 2025 жылға қойылған мақсат – осы көрсеткіштерді 15%-ға көтеру.

Қазақстан стратегиялық маңызы бар ел ретінде айқындалғаны айтылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Операциялық Орталық пен Орталық Қойманың құрылысы жүріп жатыр, құрылысы 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Алдағы екі жылда тағы екі дүкен ашылады деп жоспарланған.

LC Waikiki сән көрсетілімі
Фото: LC Waikiki

Сонымен қатар LC Waikiki компаниясы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті ұстанып, Қазақстандағы Қызыл Жарты ай филиалымен бірлесе отырып, қайырымдылық қызметтеріне белсенді қатысады.

LC Waikiki-дің жаңа күзгі топтамасындағы киімдерді брендтің барлық дүкенінен және ресми сайты lcwaikiki.kz арқылы көруге болады.

LC Waikiki сән көрсетілімі
Фото: LC Waikiki

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2166969-lc-waikiki-brendi-zhanga-kuzgi-toptamasyn-tanystyryp-san-korsetilimin-otkizdi/