jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    "Made in KZ": министр Арман Шаққалиев киімді қайдан алатынын айтты

    Арман Шаққалиев фото
    Арман Шаққалиев: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

    Үкіметтегі брифингте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев "Отандық өндірушілер тіккен киімді сатып аласыз ба?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Үстімдегі костюм мен пенжекке келер болсақ, барлығы Қазақстанда тігілген. Made in KZ десек те болады. Әрине қолданылған матаның бәрі елімізде өндіріледі деп айта алмаймын, бірақ біз соған келе жатырмыз. Менің, жалпы үкіметтің мақсаты – отандық өндірісті қолдау, оның аясын кеңейту", - деп атап өтті Арман Шакқалиев.

    Министр сырттан келетін киімдерді де киетінін жасырмады.

    "Импортталған киімдерді де киемін, оны жасырмаймын. Өйткені саудада тауар айналымы маңызды, ал ол, өздеріңіз білетіндей, экспорт пен импорттан тұрады", - деп түсіндірді министр.

    Айта кетейік, бұған дейін азық-түліктік емес тауарларды қалай таңдау керектігі жайлы жазған болатынбыз.

    "Made in KZ": министр Арман Шаққалиев киімді қайдан алатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.