"Әже болса, сіздей болсын": Жанар Айжанова Дубайда қалай демалып жатқанын көрсетті (фото)
Опубликовано:
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова желіде жаңа фото жариялап, елді таңғалдырды. Өнер иесі шетелде қалай демалып жатқанын көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанар Айжанова Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Актриса бұл сапарына қызы Айжұлдыз Адайбекова мен оның ұлымен бірге барған.
Өнер иесі Дубай қаласынан жиенімен түскен суретін бөлісіп, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.
"Бізден осындай вайб", - деген жазба қалдырды әнші.
Жанар Айжанованың ерекше образы желідегілер арасында бірден қызу талқыға түсті. Өнер иесін мұндай заманауи кейіпте көріп үйренбеген оқырмандар қатты таңғалғанын жасырмады. Алайда олардың басым көпшілігі тек жақсы пікір қалдырған.
"Әже болса сіздей болсын", "Аяқ деген оқтаудай. Нағыз шорты киіп алып жүретін аяқ екен. Күшті жарасып тұр", "Біздің жас кезімізде түрің осындай еді. Әлі де сол қалпы", "Фигураңыз күшті екен. Киім күшті жарасып тұр", "Сән ғой. Заманауи әжелер осындай болу керек", - деп жазуда көпшілік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2195636-azhe-bolsa-sizdei-bolsyn-zhanar-aizhanova-dubaida-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti-foto/