jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Swarovski тастары бар": Тамара Асар көпшілікке ерекше образын паш етті (фото)

    Тамара Асар
    Тамара Асар. Фото: Instagram/tamara_assar_official

    Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар 10 жыл бұрынғы образын қайта сахнаға киіп шығып, қызықты жайтпен бөлісті. Өнер иесі бұл киімді тігу үшін көп еңбек кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар бұл образдың өзі үшін орны ерекше екенін алға тартты. Сөзінше, оны ортаншы әпкесі екеуі маңдай терін төгіп жасаған. Өнер иесі бұл киіміне қымбат Swarovski тастарын да қосқанын айтты.

    "Жаңа жылдық түсірілім. Он жылдан астам уақыт өтсе де әдемі болып сақталған киімім. Лаура деген ортаншы апам екеуміз жасаған үнді образы. Ол кезде мата фурнитура деген өте тапшы болатын. Бұл жерде сумканың шынжырынан бастап, ойдан қырдан арнайы тапсырыспен келген фурнитура. Ат-түйенің құнындай болған Swarovski тастардың оригиналдары. Егер жақыннан қарасаңыз тарыдай болған бисерлерді өріп отырып жасадық. Кестелейтін машинкамыз болмай, қытайдың қызына барып түнде кестелетіп әкеліп,оны бисерге толтырдық.

    Айтайын дегенім өнер-сахна тарыдай бисерлерден өрілген өрнек сияқты үлкен еңбекпен табандылықты талап етеді. Егер бисер-моншақтың біреуінің жібі үзілсе, немесе дұрыс тігілмей, түйіделмей қалса, өрнегіңіз түгел ыдырап шашылып сөгілуі мүмкін. Сонда өнер мұқияттылықпен шебер тазалықты да талап ететінін киімім айтып тұрды маған бүгін", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    "Swarovski тастары бар": Тамара Асар көпшілікке ерекше образын паш етті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.