jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жаңа жыл ханшайымы": ерекше образдағы Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде жаңа жылдық түсірілімдер кезінен видео жариялап, көпшілікке ерекше үш образын паш етті. Оқырмандар өнер иесінің сұлулығы мен талғамына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялап, ел назарын өзіне аударды. Бейнежазбада эстрада жұлдызы көпшілікке үш образын көрсеткен.

    Оған қоса өнер иесі бір көйлегін оқырмандарының біреуіне сыйға тарту етпекші екенін айтты.

    "Жаңа жылдық корпоративтер мен бағдарламалардың королевасы. Осы үш көйлектің біреуісі оқырмандарыма Жаңа жылдық сыйлық ретінде жіберіледі. Үш көйлектің қайсысы ұнады", - деп жазды Сәдуақасова.

    Желі қолданушылары әншінің асқан сұлулығы мен жоғары талғамына тәнті болған.

    "Қандай ерекше образдар", "Жыл сайын таңғалдырудан шаршамайсыз", "Сіз аса ерекше, ешкімде қайталанбайтын образдарды таңдайсыз ғой", "Сөзсіз біздің эстрададағы ең сәнді ару", "Сұлулығы мен талғамы жарасқан ару", "Қандай әдемісіз. Өзіңізге құйып қойғандай көйлектер екен", "Жаңа жыл ханшайымы", - деп жазуда көпшілік.

    "Жаңа жыл ханшайымы": ерекше образдағы Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.