Шоубиз

Зектілері

"Мұз ханшайымы": Мадина Сәдуақасова ерекше образымен елді таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде ерекше жаңа жылдық образын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Желідегілер әншіні "мұз ханшайымы" деп атап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова тағы бір жаңа образын Instagram-дағы парақшасында паш етті. Видеода өнер иесінің мұз түстес көйлек киіп алғанын көруге болады. Әнші бұл образды жаңа жылдық түсірілім үшін арнайы тіктірткен.

Белгілі болғандай, отандық сән үйінің қызметкерлері бұл көйлекті бір түннің ішінде тігіп шыққан.

"Снежная королева"-ның қазақшасын өзіңіз қойып алыңыздаршы. Мұз ханшайымы, Қар ханшайымы, Ақшақар. Жаңа жылда мені осындай образда көресіздер. Бұл көйлекті бір түнде тігіп берді", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары Сәдуақасованың образына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді.

"Нағыз ақшақар", "Өте сұлусыз, не кисеңіз де жараса кетеді", "Мұз ханшайымы екенсіз", "Қандай ерекше образ", "Мадина әркез ерекше ғой. Ешкімнен қайталамайды. Әр образын өзі таңдап жасатады", "Мұз ханшайымы болып қалыпсыз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2199462-muz-hanshaiymy-madina-saduaqasova-erekshe-obrazymen-eldi-tanggaldyrdy-video/