jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Хас сұлудың өзі": Мақпал Жүнісова жаңа образымен ел назарын өзіне аударды (фото)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде жаңа фотолар жариялап, қалың көпшілікті таңғалдырды. Оқырмандар өнер иесінің жасарып әрі одан бетер сұлу болып кеткенін айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова ерекше образдағы суреттерін Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Онда қара түсті көйлек киіп алған әншінің сахнаға шығуға дайындалып жатқанын көруге болады.

    Желі қолданушылары өнер иесінің аталмыш фотоларын бірден қызу талқылап тастады. Көпшілік эстрада жұлдызының аса әдемі болып кеткенін жазып, оған жылы лебізін білдіріп жатыр. Оқырмандар Жүнісованың жасарып кеткенін атап өтіп, образына жоғары бағасын берді.

    "Көз тимесін. Сондай сұлусыз", "Мақпал апам, хас сұлудың өзі. Көрікті әрі қылықты", "Мына көйлегіңіз өте әдемі екен. Ұнады", "Мәселе көйлекте емес. Мақпалдың жан сұлулығында, өзі нұрланып тұр", "Не кисе де өзіне жарасады", "Өзіндік айрықша орны бар халықтың ерке қызы", "Одан бетер сұлу болып кетіпсіз", "Мақпал ханым жасарып кетіпті", "Әлі де жас қыздай ғой", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.