Шоубиз

Зектілері

"Керемет, әдемі": қазақ ұлттық киімін киген Зарина Алтынбаева көптің көзайымына айналды (фото)

Жарияланған күні:

Зарина Алтынбаева
Қазақ ұлттық киімін киген Зарина Алтынбаева. Фото: Instagram / zarina_altynbayeva

Танымал опера әншісі Зарина Алтынбаева желі парақшасында қазақтың ұлттық киімін киген суреттерін бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зарина Алтынбаева Instagram желісіндегі парақшасында "Қазақ ұлттық көйлегі" деген жазбамен бірнеше суретін жария еткен.

Әншінің сұлулығына тәнті болған желі қолданушылары оған мақтауларын жаудырып жатыр.

"Керемет, әдемі", "Сиқырлы, жүрегі ақ, кең пейіл жан", "Ұлтық киім де, сіз де керемет сұлусыз, қымбатты Зарина", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Наурыз қарсаңында тойланып жатқан "Ұлттық киім" күні қалың көпшілікке қазақи образын паш еткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ танымал тележүргізуші Анна Данченко қалың көпшілікке наурыз мерекесін қалай тойлағанын көрсетіп, желіде қазақтың ұлттық киіміндегі суретін бөліскенін жазған болатынбыз.

"Тура қазақ қызындай", "Қазақи нақыштағы киімдер кімге болса да, әдемі жарасады", - деп жазған еді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2212812-keremet-ademi-qazaq-ulttyq-kiimin-kigen-zarina-altynbaeva-kopting-kozaiymyna-ainaldy-foto/