jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне кіру құны қанша болмақ

    Дженнифер Лопес
    Дженнифер Лопес. Фото: instagram.com/jlo

    Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері 40-150 мың теңге аралығында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Санаулы күннен кейін Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер сатыла бастайды. Бұл туралы Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов хабарлады.

    Оның айтуынша, баға 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет құны 150 мың теңе – отыратын орындар. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.

    Сатылым бір-екі күннен кейін басталады. Концерт қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтарды да тартады деп күтілуде. Хасеновтің айтуынша, шамамен 15 мың турист келеді деп күтілуде.

    Еске салайық, 1 тамызда "Астана Арена" алаңында Дженнифер Лопестің концерті өтеді, "Astana Concert" продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, ол 15 мыңнан астам туристерді жинап, қала экономикасына 6,5 миллиард теңге көлемінде үлес қосады.

    Бұған дейін Атақты америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес тамыз айында Астанада концерт беретінін жазған едік. Оның жазда өтетін концерттерінің кестесі жарияланды.

    Одан бөлек "Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінен қандай экономикалық пайда түсетінін айтып берді.

    Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне кіру құны қанша болмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.