jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері қашан сатыла бастайды

    Дженнифер Лопес
    Дженнифер Лопес. Фото: Photo by Tom Pennington/Getty Images

    Әйгілі америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер 11 сәуірден бастап сатыла бастайды. Бұл туралы "Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәлік Хасеновтың айтуынша, билеттер 11 cәуір күні сағат 11:00-ден бастап сатыла бастайды.

    "Билеттерді қайта сату және басқа да алаяқтықты болдырмау мақсатында әлемдік тәжірибе негізінде жүйе қолданылады. Алдымен ваучер сатылады. Ал бірегей QR код концертке үш күн қалғанда беріледі. Бір адам ең көп дегенде 4 билет қана ала алады, бір аккаунт, бір ғана банк картасымен", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

    "Астана Концерт" өкілінің сөзінше, мұндай деңгейдегі коммерциялық концерт елімізде алғаш рет өткізілмек.

    Билеттің құны 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, сахнаның алдындағы орындар – 180 мың теңге.

    Айта кетейік, биылғы жазда Дженнифер Лопестің Up All Night әлемдік турнесі өтеді. Турне 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 қаласын қамтиды, соның ішінде Астана да бар. Әншінің елордадағы концерті 1 тамызда "Астана Арена" стадионында өтеді.

    Мәлік Хасеновтың айтуынша, Джей Лоның Астанада өтетін концертіне 15 мыңнан астам шетелдік турист келуі мүмкін. Ал қала экономикасына, HoReCa жүйесіне 6,5 млрд теңге және концерт өткізуден 400 млн теңгеден астам салық түседі деп күтіліп отыр.

    Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері қашан сатыла бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.