jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Айгүл Елшібаева құны 50 млн теңге болатын сәукелені көрсетті (фото)

    Айгүл Елшібаева
    Фото: Instagram/aigulyelshibayeva01

    Белгілі өнер қайраткері Айгүл Елшібаева халқымыздың құнды жәдігері саналатын бағалы сәукеле туралы айтты. Ол бүгінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында сақтаулы тұрған сәукелеге қатысты қызықты деректерді бөлісті.

    "Бұл сәукеленің бағасы 100-аттың құнымен тең. Қазіргі бағамен шамамен 50 миллион теңге тұрады. Қазақтың байлары дәулетін білдіру үшін қыздарын ұзатқанда арнайы зергерлерге соқтырып, алтын, асыл тастармен көмкеріп жасаған. Бұл сәукелені сыйға тартқан Лайықжан Дербісәліұлы Беркімбаев. Ақтөбе уезінен шыққан Кердері Әбубәкірдің жырларындағы арнауы бар "Жағалбайлы жиналса, Дербісәліні мақтайды", - деп келетін өлең жолдарындағы Жағалбайлы руынан шыққан бай Дербісәлі байдың баласы Лайықжан тапсырған", - деп жазды ол.

    Айтуынша, аталған жәдігер бүгінде Санкт-Петербург қаласындағы "Кунсткамера" музейінде сәукеле сақтаулы тұр.

    Айгүл Елшібаева құны 50 млн теңге болатын сәукелені көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.