jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    50-ге толған Досымжан Таңатаровқа Мейрамбек Бесбаев домбыра сыйлап, жерлестері тұлпар мінгізді (видео)

    Мейрамбек Бесбаев Досымжан Таңатаровқа домбыра сыйлауда
    Мейрамбек Бесбаев Досымжан Таңатаровқа домбыра сыйлауда. Видеодан скрин: instagram.com/shalkarakhanov

    Белгілі әнші Досымжан Таңатаров 50 жас мерейтойына орай Астанада жеке шығармашылық концертін берді. Кеште әншінің өнердегі достары әннен шашу шашып, Мейрамбек Бесбаев арнайы жасатқан домбыраны сыйға тартқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Құтты болсын! Сен бір рудың емес, Алаштың аяулы азаматына айналдың! Досым, мен соған қуанамын. Осы елдің саған деген махаббаты мәңгілік болсын! Сенімен мақтанайық, қуанайық", - деп Мейрамбек Бесбаев сахнада әнші үшін арнайы жасатқан домбырасын тарту еткен.

    Сондай-ақ суретші Шалқар Ақанов Досымжан Таңатаровқа әншінің өзі бейнеленген портретті сыйлаған.

    Бұдан бөлек, әншіге жамбылдық жерлестері тұлпар мінгізген.

    Айта кетейік, бұған дейін Досымжан Таңатаровтың Астанада өткен концертінде аңыз әнші Нұрғали Нүсіпжановқа елордалық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлағанын жазған едік.

    50-ге толған Досымжан Таңатаровқа Мейрамбек Бесбаев домбыра сыйлап, жерлестері тұлпар мінгізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.