"Еңбек етуіме үлкен шабыт": актриса Жарқынай Ханайымға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы табысталды (видео)
Опубликовано:

Актриса Жарқынай Ханайымға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы табысталды. Бұл сәттің видеосын актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, ұстаздарына алғысын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"21 мамырда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 16 мамырдағы жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алдым.
Бұл атақты маған білімін берген, еңбегін сіңірген ұстаздарымның ақталған еңбегі деп білемін", - деп жазды Жарқынай Ханайым Instagram-дағы парақшасында.
Актриса өзіне артылған сенімді ақтау үшін бар күшін салатынын жеткізді.
"Өнер жолында тоқтамай, еңбек етуіме үлкен шабыт деп қабылдаймын. Өздерінен оздырып, мен сахнаға шыққанда тақымын қысқан ұстаздарыма алғысымды білдіремін", - деді ол.
Қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары актрисаны құттықтап, ақ тілектерін жазып жатыр.
Айта кетейік, 20 мамырда президент жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың арасында әнші Әлішер Каримов та бар. Эстарада жұлдызы кеше өзі үшін тарихи күн болғанын айтты.