jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Жақында босанған Жұлдыз Өмірғали осымен үшінші рет ауруханаға түсіп қалды

    : Facebook

    Таяуда ғана сүйіктісі Айқын Төлепбергенге Айя есімді қыз сыйлаған Жұлдыз Өмірғали 40 күн ішінде үшінші мәрте ауруханаға түскен. KeshYou-дің бұрынғы әншісі көпшіліктен емханада жатқан қызы екеуі үшін дұға тілеуді сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыздың кезекті мәрте ауруханада жатқанын оның тапқыр оқырмандары біліп қойған. Олар әншінің белсенділігі төмендеп кеткенін байқап, оның Stories-тегі видеолар ауруханада түсірілгенін біліп қойған.

    Айқынның жары өзіне алаңдаушылық білдірген желі қолданушыларына бұл жолы емханаға не себепті түскенін айтып берген. Сонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы жылы лебіз танытқан жұртышылыққа алғыс білдіріп, Айя екеуі үшін дұға тілеуін сұараған.

    Жұлдыз Өмірғали басына түскен сынақ жөнінде Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі жеткізген.

    "Маған бір оқырман қызым "Неге тағы ауруханадасыз? Ауруханадан сториз салғанымен, ешқандай пікір білдірмейсіз" деп жазыпты бір оқырман қыз. Айтайын. Бұл осы 40 күн ішіндегі Айя екеуміздің ауруханаға үшінші рет түскеніміз.
    Бірінші рет, біздің алғашқы кездесуіміз. Екінші мәрте менің дене қызуым көтеріліп, бізді жедел жәрдеммен алып кетті. Енді міне үшінші рет. Бұл жолы Айяның билирубині түспей жатыр. Санжарда да мұндай проблема болған. Үйдегі емнің барлығын жасап көрдім. Алайда, медицинаның көмегінінсіз дәрменсіз екенімді түсіндім. Әдетте, билирубин бір айдан кейін жазылу керек. Алайда, тек бізде емес.
    Қазір қан тапсырып жатырмыз. Санжарда 262 болған, Айяда 252 көрсетіп тұр. Санжармен сегізінші күні 114 деген көрсеткішпен шыққанбыз ауруханадан. Ал Айямен әлі жатырмыз. Ертен қан тапсырып, анализдің нәтижесін көреміз. Біз үшін дұға тілеп қойыңыздаршы, Мүмкін көмегі тиіп қалар" , - деп жазды Жұлдыз Өмірғали.

    Жақында босанған Жұлдыз Өмірғали осымен үшінші рет ауруханаға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.