jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Елизавета патшайымның жұбайы ханзада Филипп қайтыс болды

    Елизавета ІІ мен ханзада Филипп
    Елизавета ІІ мен ханзада Филипп. Фото: Chris Jackson/Getty Images

    Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ жұбайы ханзада Филипп қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.

    Филипп ханзада 99 жаста болған.

    "Ұлы мәртебелі патшайым өзінің сүйікті жары, ұлы мәртебелі ханзада Филипп, Эдинбург герцогы қайтыс болғанын хабарлады", - деп хабарлады Букингем сарайы Twitter парақшасында.

    Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында Филипп ханзада мен Елизавета патшайым үйленгендеріне 73 жыл толғанын атап өткен еді.

    Ал ақпан айының соңында ханзаданың Лондондағы ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Оған дейін бірнеше күн бұрын ханзада мен патшайым коронавирусқа қасы вакцинаның алғашқы дозасын салдырған еді.

    Филипп ханзада ауруханада бір айға жуық уақыт болған. Кейін БАҚ өкілдері оның жүрегіне ота сәтті жасалғанын жазды.

    Еске сала кетсек, 5 сәуір күні Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділовтің өмірден өткені белгілі болды.

    Саналы ғұмырын әдебиет пен қазақ тіліне арнаған қаламгер 11 роман, 21 повесть, 70-тен астам әңгіме жазған.

    Қабдеш Жұмаділовке 1998 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағы берілген. 1990 жылы "Тағдыр" романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алған.

    6 сәуір күні қазақстандықтар жазушыны ақтық сапарға шығарып салды.

    Марқұмның сүйегі өзінің аманаты бойынша Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты – Аягөз тас жолының бойындағы бейітке қойылатыны хабарланды.

    Елизавета патшайымның жұбайы ханзада Филипп қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.