jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әйгілі рэп орындаушы DMX қайтыс болды

    Америкалық рэп орындаушы Эрл Симмонс
    Фото: instagram/dmx

    DMX лақап атымен күллі әлемге танылған америкалық музыкант Эрл Симмонс 50 жасында өмірден озды. Әйгілі рэп орындаушы Нью-Йорк қаласында қайтыс болған.

    Өнер иесінің өліміне есірткі заттарын артық мөлшерде қолдану себеп болған. Дәрігерлер рэп орындаушының өмірі үшін бір апта бойы күрескен. Бұл туралы америкалық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Life.ru хабарлады.

    Музыкант осыдан бірнеше күн бұрын жүрек талмасы ұстап, ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын. Эрл Симмонстың есірткіге тәуелділігі болғаны көпшілікке мәлім. 2016 жылы оны көлік тұрағынан ес-түзсіз жатқан күйде тапқан.

    "Бүгін біздің сүйітіміз DMX Эрл Симмонс 50 жасында White Plains ауруханасында қайтыс болды. Бұл сәтте ол өз жақындарымен бірге болды. Ол бірнеше күн бойы арнайы аппаратқа қосулы болған" , - делінген марқұмның отбасы жасаған мәлімдемеде.

    Рэп орындаушының жағдайы өткен жұмада нашарлап кеткен. Жүрек талмасы ұстаған сәтте ол өз үйінде болған. DMX бірден Нью-Йорктегі White Plains ауруханасына жедел түрде жеткізіліп, денсаулығы нашарлай түскендіктен бір аптадан соң көз жұмған.

    Өнер иесінің мансабы 90-жылдардың басында басталды. Оның алғашқы альбомы бірден Billboard музыкалық чартында көш бастады. Кейіннен әртістің тағы бес ән жинағы да үздік болып шықты.

    Рэпер бірнеше мәрте "Грэмми" жұлдесіне ұсынылып, American Music Award атты музыкалық премияның лауреаты атанды.

    Әйгілі рэп орындаушы DMX қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.