jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал әнге арқау болған Нұрикамал Сейтжанова өмірден өтті

    Фото
    Нұрикамал: as-clinic.kz

    Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрикамал Сейітжанова 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті деп хабарлайды 716.kz.

    Айта кетейік, Нұрикамал Сейітжанова ақын Ханбибі Есенқарақызы мен композитор Тұрдықылыш Ізтайдың "Нұрикамал" әнін жазуына арқау болған.

    Ол еңбек өтілін кеңшарда бастап, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен.

    Әр жылдары мұғалім, Торғай облыстық атқару комитетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының жетекшісі, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының және облыстық мәдениет басқармасының басшысы болған.

    Өмірінің соңғы жылдары "Мемлекет тарих институтында" қызмет еткен.

    2003 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алды.

    Еске сала кетейік, 2020 жылдың ақпан айында көпшілік сүйіп тыңдайтын "Нурикамал" әнінің авторы, танымал сазгер Тұрдықылыш Ізтаев өмірден өткен болатын.

    Отандық және халықаралық байқаулардың лауреаты 71 жасқа қараған шағында көз жұмды.

    Сонымен қатар, жақында Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жетекші актері Ілияс Тұрмановтың 4 сәуірде дүние салғанын жазған едік.

    Әріптестері оның коронавирустың салдарынан қайтыс болғанын айтуда. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова актердің отбасы мен театр труппасына көңіл айтты.

    Танымал әнге арқау болған Нұрикамал Сейтжанова өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.