jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Шабандоз қыз" фильмінің басты жұлдызы Лидия Ашрапова 88 жасында қайтыс болды

    Лидия Ашрапова "Шабандоз қыз" фильміндегі Ғалия рөлінде
    Лидия Ашрапова. Скриншот: youtube/kazakhfilmstudios

    Қазақстандық актриса, кеңес заманында зор табысқа кенелген "Шабандоз қыз" фильмінің жүлдызы Лидия Ашрапова 88 жасында көз жұмды. Бұл туралы танымал дыбыс режиссеры Жәнібек Мұхамедхан хабарлады.

    "Кино актрисасы Лола (Лидия) Әбдукәрімова-Ашрапова 88 жасында көз жұмды. 21 сәуір 2023 жыл. Иманды болсын", - деп жазды Жәнібек Мұхамедхан.

    Kino-teatr.ru сайтының ақпаратына сәйкес, Ашрапова Лидия Леонтьева 1935 жылы 26 тамызда Якутиядағы Ямга ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Ташкенттегі хореографиялық училищені аяқтайды. Кейін "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы ретінде таныла бастайды.

    1990 жылдары күйеуі Асхат Ашраповпен бірге Ресейдің Подмосковье аймағына көшіп кеткен. Өмірінің соңғы кезеңдерін Қырымда науқас күйеуіне қарайлаумен өткізеді. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. 1955 жылы Павел Боголюбовтің "Шабандоз қыз" картинасында басты рөлде ойнаған.

    Сондай-ақ "Атаманның ақыры", "Тақиялы періште", "Қыз Жібек" фильмдеріне түскен.

    "Шабандоз қыз" фильмінің басты жұлдызы Лидия Ашрапова 88 жасында қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.