jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Актриса Жәния Джуринская денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды (видео)

    Жәния Джуринская
    Жәния Джуринская. Фото: instagram.com/djurinskaya

    Жақында екінші перзентін дүниеге әкелген Жәния Джуринская денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды. Өнер иесі пневмонияға шалдыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жәния Джуринскаяның сырқаттанып қалғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Белгілі актриса ауруханадан видео жариялап, оқырмандарына қазіргі жағдайын айтқан.

    Өнер иесінің жұлдызды құрбылары оның ауырып қалғанын білген бойда ауруханаға қал-жағдайын білуге барған. Сабира Есеева, Луина мен Сая Оразғалиева денсаулығы сыр берген Джуринскаяға азық-түлік апарып, көңілін көтеріп қайтқан.

    "Пневмонияға шалдыққан адамға келдік. Жәния ауруы жұқпайтынын айтты. Сөзіне сеніп, ауруханаға кірдік. Алдымен дәрігерден сұрайын дегенмін. Бірақ оны таппадым. Еден жуушы әйелден "қауіпті ме?" деп ұсрап едім, мүлдем қауіпті емес екенін айтты" , - деді Луина.

    Аталмыш видеода Джуринскаяның ингаляция жасап жатқанын көруге болады.

    Актриса Жәния Джуринская денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.