jitsu gif
Шоубиз

    Актриса Баян Имашева өмірден өтті

    Баян Имашева
    Баян Имашева. Фото: Instagram/auezovtheatre

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал актриса Баян Имашева өмірден өтті. Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы театрдың баспасөз қызметі жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың әртісі Баян Имашева өмірден өтті. Бойындағы сахна шеберіне тән ойлылылық пен даралық, театрға, өнерге деген адалдығы - қазақ театр өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүзден аса рөл мен қазақ тарихындағы сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдатты.

    Өнегеге толы өмірінде, өнерге арнаған саналы ғұмырында актрисаның қазақ театры мен киносына, мәдениетіне қосқан үлесі өлшеусіз деп білеміз. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

    Актриса Баян Имашева өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.