Шоубиз

Зектілері

Сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Жарияланған күні:

Құрманай Бақтиярқызы
Құрманай Бақтиярқызы. Фото: Instagram/kurmanai_bakhtiarkyzy

Белгілі сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті. Қаралы хабарды танымал блогер Лаура Сейітбек хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лаура Сейітбек Instagram-дағы парақшасында Құрманай Бақтяирқызының видеосын жариялап, оның қайтыс болғанын хабарлады.

"Әпке, Алла аңқылдаған ақ жүрегіңізді рақымына алсын", - деп жазды желі жұлдызы.

Белгілі актриса Нұргүл Даубаева да көпшілікке қаралы хабарды жеткізіп, әсерлі жазба қалдырды.

"Соңғы кездесуім екенін білмедім. Сене алар емеспін. Керемет адам. Жаныңыз жәннаттан орын алғай", - деп жазды ол.

Лаура Сейітбек пен Нұргүл Даубаеваның Stories-i
Лаура Сейітбек пен Нұргүл Даубаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/lauraseitbek/nurgul_daubaeva

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова да Құрманай Бақтиярқызына жазба арнады.

"Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды. "Гүлім менің, саған арнап жаздым, WhatsApp оқышы деп жіберіп еді. Қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің ба екен", - деп жазды продюсер Instagram-дағы парақшасында.

Қайрат Нұртастың анасы марқұм сазгердің өзіне арнап шығарған өлең жолдарын жария етті.

"Жаным Гүлім, елдің мінін ілмеген Жол көрсетіп, жақсы жолмен жүр деген Сендей достың жақсылығы сол шығар, Тек жадырап,өкпелеуді білмеген..

Ұлым жұлдыз болса деген еліңе, Ақ жол тілеп, шығарғансың төріңе Сен Нұртастай жарға сеніп келген соң, Ел алдында еркелеткен сені де...

Қиындыққа мойымаған момыным, Ел біледі ашықтыған қолыңның Мақтаншақ деп айтса сырттан біреулер, Берсін деймін сендей жанның орынын..

Ұйықтамаған түндеріңе куәмін, Уайымдаған күндеріңе куәмін Мен сөзіңді сөйлеп жүрген Құрмашпын, Сені біреу сөксе қарап тұрмаспын..

Ақылыңды арқалап ап мойынға, Үш ұлыңды байлап қойып ойыңа Нұртасыңмен бәрін көрдің шүкірлік Енді жүрші сол ұрпақтың тойында..

Анаң менен бауырыңды сағындың, Қиындықта екі жұрттан табылдың Қос келінді тәрбиелеп келесің, Көргеніңе бір Алла деп бағындың..

Қайрат Аян Заңғар ұлдар Бәйтерек, Аналарын періштемен сай көред(і) Немерелер әжелерін аялап, Ата әжесін бәрінен де бай көреді

Сен бақытты әйелсің деп айтамын Шөберені көріп атсын жәй таңың Сенде бәрі бар деп білем керектің, Гүлім Гүлім! Мінің жоқ деп айтамын..

Ізгі ниетпен ақын Құрмашың От басымен саған екі дүние бақытын тілейді", - деп жазған сазгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2179511-sazger-qurmanai-baqtiiarqyzy-omirden-otti/