jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Әлі осы өмірде жүргендей": Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсеновты еске алды (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм композитор Арман Дүйсеновты еске алды. Өнер иесі желіде концерт кезіндегі көңілді видеоны жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Арман Дүйсенов екеуінің видеосын жариялады. Бейнежазбада композитор сахнада өнер көрсетіп жатқан әншіге келе жатып, тайып құлап кеткенін байқауға болады.

    Өнер иесі бұл ерекше естелікті өз оқырмандарына көрсетуді жөн көрген.

    "Осындай естелік видео келді. Мен үшін әлі осы өмірде жүргендей, топырағың торқа болсын", - деген әсерлі жазба қалдырды эстрада жұлдызы.

    Айта кетейік, өткен жылдың 24 қаңтарында белгілі композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті.

    Арман Дүйсенов әлемдік классикалық музыка, эстрадалық музыка, фольклорлық этнография сияқты салаларда кәсіби музыкалық білім алды. Дүйсенов көптеген фильмдерге музыка жазды. Оның ішінде "Сүйінші", "Теміртау көктемі", "Ақ сұңқар" және де тағы басқа туындылар бар.

    Композитор 2014 жылы маэстро EMA Muzzone нұсқасы бойынша жылдың үздік композиторы атағына ие болды. Тағы бір жылдан кейін "Астана Жұлдызы" нұсқасы бойынша да жылдың үздік композиторы атанды.

    Арман Дүйсенов "Мәдениет қайраткері" төсбелгісімен марапатталған.

    "Әлі осы өмірде жүргендей": Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсеновты еске алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.