jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның халық әртісі, профессор Ғафиз Есімов дүниеден озды

    Ғафиз Есімов
    Ғафиз Есімов: instagram.com/abay.kaz.ntob

    Қазақстанның Халық артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, “Құрмет” орденінің иегері Ғафиз Есімов 78 жасында дүние салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қаралы хабарды Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры хабарлады. "Бұл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры үшін орны толмас қаза. 1975 жылдан біздің театрдың солисі болып қызмет жасады. Қайталанбас тұлға- Ғафиз Есімовтің қазасына орай барша өнер сүйер қауымға, отбасына театрдағы сүйікті шәкірттері, замандастары, театр ұжымы қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының баспасөз қызметі де профессордың отбасына көңіл айтты.

    "Профессор Қазақ КСР-інің Халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ғафиз Қыдырұлы Есімов өмірден озды.

    Ғафиз Қыдырұлы 1947 жылы 9 мамырда Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. Лирикалық баритон иесі ретінде К. Байсейітова, М. Глинка және Ф. Виньяс атындағы байқауларда танымалдыққа ие болған. Оның мәдениетке қосқан үлесі Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген және Халық әртісі атақтарымен, сондай-ақ "Құрмет" және "Махамбет" ордендерімен бағаланған.

    Педагог ретінде көптеген шәкірттер тәрбиелеп, оларға өнерге деген сүйіспеншілігі мен шеберлігін жеткізіп, терең із қалдырды. Ғафиз Қыдырұлының жарқын бейнесі шәкірттері мен әріптестерінің жүрегінде нағыз шебер және тәлімгер ретінде сақталады", - делінген жазбада.

    Қазақстанның халық әртісі, профессор Ғафиз Есімов дүниеден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.