jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қазақтың Қожасы": белгілі актер Нұрлан Сегізбаев өмірден озды

    Нұрлан Сегізбаев
    Нұрлан Сегізбаев. Фото: gov.kz

    Белгілі актер, кинодраматург, "Менің атым Қожа" кинокартинасында басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден озды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

    Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

    Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

    Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, биыл сәуірде отандық журналист Жанар Қанафина белгілі актер, әйгілі "Менің атым Қожа" фильмінде Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың дертке шалдыққанын және оның халі мүшкіл екенін жеткізген. 75 жастағы актер тәулігіне 14 сағат бойы тыныс алу аппаратына тәуелді екенін және оған қаржылай көмек қажет екенін айтқан.

    "Қазақтың Қожасы": белгілі актер Нұрлан Сегізбаев өмірден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.