jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Атышулы "Келін" фильмінің актрисасы жалаңаштанып түсуге әкесінен рұқсат алған

    : UGC

    Актриса Гүлшарат Жұбаеваны көпшілік «Келін» фильмі арқылы біледі. «Келінде» келін рөлін сомдағаннан кейін аздап көрерменге жақпай қалғаны бар. Актриса аталмыш фильмде жалаңаштанып түсуге әкесінен рұқсат алған болып шықты деп жазады zamana.kz.

    «Негізі «Келінді» көрген әрбір көрерменде маған деген біртүрлі көзқарас қалыптасқан. Өйткені қазақта бұрын-соңды мұндай фильм болмаған ғой. Бәріне кінәлі – өнерге ғашықтығым. Кішкентайымнан би биледім, спортқа қатысып, таэквандодан қара белбеу иесі (бірінші дан) атандым, суретші де бола жаздадым. Бірақ киноға түсу менің басты арманым еді. Мендегі бір «шанс» «Келін» фильмі болды. Алғашында-ақ режиссер маған «Кейіпкеріңнің жалаңаштанатын жерлері бар» деді. Адамға анасынан артық жан жоқ қой, анаммен ақылдастым. «Қызым, өзің біл. Әкеңнің рұқсатын ал» деді ол кісі. Ал әкем «Қызым, егер жүрегің шын өнер деп соғып тұрса, бетіңнен қақпайын. Ішің жалаңаштанбаса болғаны да» деді», - деп ағынан жарылды актриса.

    Айта кетерлігін, Гүлшарат одан кейін де тарбие мен тағылымға толы «Қарашаңырақ», «Әке серті», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» секілді кинотуындыларға түскен.

    Тағы да оқыңыздар: 

    Ресей зымыран қалдықтарын тастау үшін Ақтөбенің 22 мың гектар жерін жалға алған

    Халықты сенбілікке шақырып алған Ақтөбе әкімі өзі түк істемей, қарап тұрды

    Cелден кейін домбырасын құшақтап қалған қазақ баласы жұрттың жүрегін тебірентті (фото)

    Атырауда "Toyota" 10 тонналық жүк көлігін аударып тастады (фото)

    Атышулы "Келін" фильмінің актрисасы жалаңаштанып түсуге әкесінен рұқсат алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.