jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қыдырәлі Болманов өміріндегі қатты қорқып, үрейленген кезі туралы айтып берді

    : UGC

    Белгілі продюсер Қыдырәлі Болман жастайынан бокспен шұғылданғанын айтып, оның сахна өміріне қалай әсер ететінін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы ол "Қарақат" мектеп-студиясының ашық аспан астында өткен концерті кезінде айтты.

    «Мен өзім бокспен айналысқанмын. Рингке шыққан сайын жүрексініп, бойымызды үрей, қорқыныш билеп алатын. Сол сияқты сахна да рингпен пара-пар дүние ғой.

    Сондықтан, әр бала сахнаға шығар алдында психологиялық тұрғыда өзінің қорқынышын жеңе білу керек. Сонда ғана ол сахнада да, рингте де, өмірде де нағыз жауынгер атана алады. Біз әр үш ай немесе жыл сайын концерттер өткізіп, балалардың сахнада халықты көргендегі өз қорқынышын жеңуге, сахнаға төселуге, ойын жинақтауға септесеміз», - деді Қыдырәлі Болман.

    Белгілі продюсер, сондай-ақ, ұлттық өнердің жас буынды тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталып, жетігенді «Қарақат» мектеп студиясының брэндіне айналғанын атап өтті.

    Тағы оқыңыздар: Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 млн теңге аударды

    «Домбыраның, жетігеннің үні қазақ балаларының қандарында бар. Мысалы, қазіргі таңда, жетіген «Қарақат» мектеп студиясының бет-бейнесіне айналып отыр.

    Өткенде, тіпті, атақты артист Джэки Чан да жетігенде орындалған әнді тыңдап, көңілі толқып, жүрегінің тебіренгенін айтты. Себебі, талант, өнер тіл немесе басқа дүниеге қарамайды», - деп продюсер өз ойын ортаға салды.

    Қыдырәлі Болманов өміріндегі қатты қорқып, үрейленген кезі туралы айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.