jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті (фото)

    : UGC

    Белгілі әнші Селена Гомес жартылай жалаңаш күйде купальникпен жүрген суретін жария етіп, көпшіліктің сынының астында қалды деп хабарлайды spletnik.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті
    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті: UGC

    25 жастағы өнер иесінің әлеуметтік желілерге жүктеген соңғы суреттерін көпшілік жаппай сынап тастаған. Әншінің жанкүйерлері бұл әрекеттерін оның шамадан тыс толып кетуімен байланыстырған. Ал, кейбіреулер оны тіпті «жүкті екен» деп ойлаған. Желі қолданушыларның сынының астында қалған Селен Гомес көп ұзамай, өзінің «хэйтерлеріне» арнап жазба қалдырып та үлгерген.

    «Бүгінде көптеген қыз-келіншектер сыртқы дене бітімі мен сымбатына көп көңіл бөлетіні рас. Ал, мен ондайлардың қатарынан емеспін. Мен өзіме деген құрметімді күшейтіп, ешкімнің теріс пікіріне құлақ аспауды жөн санаймын»,-деп жазба қалдырған әнші.
    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті
    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті: UGC

    Сонымен бірге, ол өзінің Instagram парақшасында достарымен бірге өзінің толып кеткеніне еш қысылмастан ойнап-күліп жүрген видеосын да жариялаған.

    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті
    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті: UGC

    Ал, көпшілік әншінің осылай салмақ қосуының басты себебі – жақында ғана оған ота жасалуымен және сүйіктісімен ажырасып кетуімен байланыстырған.

    Айта кететіні, былтыр күзде Селена Гомезтің бір бүйрегі алмастырылған еді. Оның құрбысы Франсия Райса өзінің бір бүйрегін әншіге «құрбан екен». Әнші аталған оқиғаны да жасырмай, ішінде отадан қалған тілігі бар суретті де әлеуметтік желіге жүктеген.

    Десе де, кейбір желі қолданушылары бойжеткеннің «бұл қылығын» батылдыққа балап, оған шығармашылық табыстар тілеген.

    Танымал әнші жігітімен ажырасқан соң семіріп кетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.