jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Ерте қартайған қазақ баласы елді дүр сілкіндірер жаңалығы барын айтты

    : UGC

    Ерте қартайып кеткен атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтты. Бала кезінен терісі ерте қартайып, ел назарына түскен ол есейе келе той бизнеске мойын бұрған болатын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

    Ерте қартайған қазақ баласы
    Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев. Скриншот: Тікелей эфир: UGC
    «Мен қазір Мәскеуге барғалы жатырмын. Ол жақта көптен бері шақырып жүрген шаралар бар еді. Орындалмай жүрген армандарды жүзеге асырудың сәті келіп жатқан секілді. Қазір ертерек ештеңе айтпай-ақ қояйын. Амандық болса алда үлкен жаңалық болғалы тұр. 1 мамырдан бастап елді дүр сілкіндіретін жаңалықтар жасайтын боламын. Мен оны NUR.KZ-ке бірінші айтып беретін боламын», - дейді Нұржан Өркешбаев.

    Екі жылдан бері өзінің бойдақ жүргенін айтқан Нұржан бар күшін өнерге салып жүргенге ұқсайды.

    "Қазір той бизнесінде жүрмін. Сұраныс Қазақстанның барлық өңірінен болып жатады. "Менің бағам мынадай еді" деп отырған ештеңем жоқ. Халықтың бергенін алып отырмын. Асаба болып көп шыққан жоқпын. Көбіне тойларға өлең айтуға барамын", - дейді ол

    Естеріңізге салсақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының тұрғыны Нұржан Өркешбаев бала кезден прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқатына шалдыққан.

    2011 жылдың желтоқсанында оған «Ниссамед» емханасында екі кезеңнен тұратын кешенді косметологиялық операция жасалды.

    Сол кезде дәрігерлер сыртқы қартаюдан өзге Нұржанның ағзасында ешқандай қайтымсыз процесс жүріп жатпағандығына сендірген болатын.

    Ерте қартайған қазақ баласы елді дүр сілкіндірер жаңалығы барын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.