Мыңдаған арудың жүрегін жаралаған әлемнің ең әдемі гейлері кім? (фото)
Жарияланған күні:
Танымал актерлар мен әншілер бірден әйелдер қауымының ыстық ықыласына ие болып, олардың жүректерінен орын алған. Өзінің сүйікті жұлдызын арман еткен қыздар ол үшін бәрін істеуге даяр болады. Алайда өз махаббатының әйелдерге емес, ер адамдарға қызығатынын білген кезде мыңдаған арулар өз-өздеріне әрең келіп жатады деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жатса да, тұрса да ойлайтын сүйікті актерінің шын мәнісінде гей екенін білгенде талай табынушы қыздар қайғыратыны сөзсіз. Осыған орай, миллиондаған бойжеткеннің жүрегін жаралап кеткен әлемнің ең сұлу гей-жұлдыздарының топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Рики Мартин

Пуэрторикалық әншінің гей екені жайлы сыбыстар оның әншілік мансабының бастапқы кезінде-ақ болған. Алайда, ол біраз уақыт күттіріп хабарлауды жөн көрді. Қазір Рики өз сүйіктісімен екі баланы тәрбиелеп отыр.
Ксавье Долан

Артхаус жанрындағы фильмдердің режиссері өзінің ер адамдарды ұнататынын білдірген алғашқы жұлдыздардың бірі болды. Кино әлемінде өз орны бар Ксавье туындылары да дәстүрлі емес жыныстық қөзқарас жөнінде өрбіген.
Кевин Спейси

Бұл танымал актер 2017 жылы әйелдер қауымының жүрегін екі мәрте жаралап үлгерді. Бастапқыда әйел адамдарға қызуғышылығы жоқ екенін айтса, артынан оның ер балаларды жыныстық қатынасқа итермелеу оқиғалары жайлы сөз шықты.
Люк Эванс

Люк Эванс өзінің гей екенін кино әлеміндегі жетістіктеріне жетпей тұрып айтып тастағандардың қатарына жатады. Ол актерлік мансабының басында өзінің ер адамдарды ұнататынын жасырмаған. Алайда әйгілі режиссерларды оның жыныстық көзқарасы қызықтырмаса керек. Люктың ерекше талантына тәнті болған олар ең үздік рөлдерді ұсынып әлек болды.
Джим Парсонс

44 жастағы голливудтық актердің өзгеше жыныстық көзқарасы ешкімге де жаңалық болмады. Ол 2013 жылы өзінің ер адамдарға деген қызуғышылығын мойындады. Бүгінгі күні ол өзінің Тод Спивак атты сүйітісімен бақытты. Олар иудей діни заңдарына сәйкес неке қиған.
Венворт Миллер

Миллиондаған қыздар үлгі көрген Венворт 2013 жылы өз табынушыларының жүрегін оңдырмай жаралап кетті. Ол ер адамдарға деген ынтық сезімін ашық айтқан. Әлемдегі сұлу актерлар қатарына кіретін жігіттің гей екеніне көптеген бойжеткендер сенгісі келмеді.
Нил Патрик Харрис

Талай қыздың арманы болған актер осымен он жыл бойы өзінің Дэвид Бартк атты сүйіктісімен бақытты ғұмыр кешуде. Олар Элтон Джон тәжірибесін пайдаланып, суррогат ана оларға екі бала туып берді.
Мэтт Бомер

Танымал актер өзіне ғашық миллиондаған қыздың арманын өз мәлімдемесімен жоққа шығарды. Әлем әйелдері ұзаққа дейін Мэттің гей екенін қабылдай алмаған. Қазіргі таңда оның Саймон Холлс атты күйеуі мен асырап алған үш баласы бар.
Закари Куинто

Өзінің ерекше жыныстық көзқарасы жайлы ұзақ уақыт бойы тіс жармай келген. Алайда халықтың гейлерге үйренісіп қалған кезінде ол өз құпиясын жариялауды жөн көрді. Закари мен оның сүйіктісі танымал Vogue журналы тарапынан 2017 жылдың ең сәнді жұбы атанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1728841-mydagan-arudy-zregin-zaralagan-lemni-e-demi-gejleri-kim-foto/