Атышулы "Қалаулым" бағдарламасы арқылы сүйіктісін тапқандар кімдер?
Жарияланған күні:
Өнер иелері қарсы шығып, қоғамда үлкен дау тудырған "Қалаулым" бағдарламасы арқылы бақытын тапқандар кімдер? Аталмыш жандар тек жобада ғана қол ұстаспай, өмірде де бір болуға шешім қабылдаған. Сүйіктісін сүрінбей тапқандар жайлы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Болашаққа бірге қадам басқан жұптардың көшін Жанерке Елшін бастап тұр. Ол Мәдимен қол ұстасып өмір кешуге шешім қабылдаған сәтте, ата-аналары қарсы болған еді. Артынша Жанерке Еркебұланмен көңіл жарастырды. Бүгінде бағдарламадан кеткен қос жұп, жігіттің туыстарымен танысып үлгерген. Ал Мәди бағдарламадан шыққан бойда өмірлік жарын кездестіріп, ұзатып алғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ 67 жастағы Сейсенбек ақсақал мен 50 жастағы Ләззат ханым қалған өмірлерін бірге өткізуге шешім қабылдаған. Былтырғы жылдың қарашасында олар тікелей эфирде үйлену тойын жасап, өнер иелері бұл қуанышқа ортақтасқан еді.

Ал Шынар мен Ислам бірге болуға шешім қабылдап, некесін қидыратынын айтқан еді. Алайда түнгі клубта өзге бойжеткенді құшағына алған Исламның әрекеті белгілі болып, бойжеткен бұл шешімінен бас тартты.

Сондай-ақ Әлібек Камилаға сезімін білдірсе, Ал Камила Бауыржанды өзінің ата-анасымен таныстырмақ.

Айта кетейік, жобадан кеткен атышулы Замира өзінің ажырасқаннан кейінгі өмірі мен төсек қатынасынсыз бір күн шыдай алмайтыны жайлы бар шындығын жайып салған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1732331-atysuly-kalaulym-bagdarlamasy-arkyly-sjiktisin-tapkandar-kimder/