jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жұбайынан жастай айырылып, қайта шаңырақ құрмаған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

    : UGC

    Тағдырдың жазуымен жұбайынан жастай айырылған отандық жұлдыздар кімдер? Бүгінде олар екінші рет тұрмыс құрып, қайта үйленбестен, балаларын жалғыз өсіріп келеді. Арада қанша жыл өтсе де, некелі жарына адалдық таныта білген жұлдыздар жайлы NUR.KZ порталы хабарлайды.

    Фото-коллаж: NUR.KZ.
    Фото-коллаж: NUR.KZ.: UGC

    Бұл тізімде қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаева да бар.

    Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов. Фото: SN.kz
    Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов. Фото: SN.kz: UGC

    2005 жылдың 12 қарашасында Мақпал Жүнісова Құдай қосқан қосағынан айырылып қалды. Бұл уақытта қыздары Мерей 3 жаста болатын. Бүгінде әнші мен саясаткердің қызы 15-тен асты. Әнші қызының қайта тұрмысқа шығуға рұқсат бергенін, алайда өзі Заманбектей адамды қайта жолықтырмағанын мәлім еткен еді.

    Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов. Фото: kulturologia.ru
    Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов. Фото: kulturologia.ru: UGC

    Роза Рымбаева күйеуі әрі демеушісі Тасқын Оқаповтан айырылып қалғанда үлкен ұлы қолында, екіншісін әлі босанбаған болатын. 42 жасында жұбайынан көз жазып қалған әнші Әли мен Мәдиді жалғыз өзі тәрбиелеп, өсірді. Халық әртісі осы уақытқа дейін жұбайына тең келетін адам таппағанын айта келе, бүгінде тұрмысқа шығуды емес, немере сүюді армандайтынын хабарлаған болатын.

    Абай Бегей жарымен. Фото: kazakbol
    Абай Бегей жарымен. Фото: kazakbol: UGC

    Отандық әнші Абай Бегей де 2015 жылы жұбайынан қапияда айырылып қалған болатын. Әйелі Жанат қаза тапқалы әнші төрт қызын жалғыз тәрбиелеп келеді. Ол былтырғы жылы тұңғыш қызын ұзатып та үлгерді. Абай Бегей өзгелердің "Неге үйленбейсің?" деген сұрақты жиі қоятынын айтты. Алайда әнші балаларына ешкім туған анасындай бола алмайтынын жеткізді.

    Арынбаев отбасымен. Фото: stan.kz
    Арынбаев отбасымен. Фото: stan.kz: UGC

    Медеу Арынбаевтың келіншегі осыдан жеті жыл бұрын қаза болған еді. 40 жасында әйелінен айырылған әнші екі баласын жалғыз өсіріп келеді. Сондай-ақ Арынбаев үйленуге ниет еткенімен, лайықты жарды жолықтырмағанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.