Жас айырмашылығына қарамастан бас қосқан отандық жұлдыздар кімдер?
Жарияланған күні:
Біздің қазақ шоу-бизнесі мен мәдениетінде жас айырмашылықтары ерекше жұлдызды жұптардың бар екені белгілі. Олар бірге ән салып, той-томалақтарға қатысып, тіпті қызыл кілем үстімен де бірге өтеді. Араларындағы жас айырмашылығынан еш ұялмайтын отандық жұлдыздарға comode.kz сайты арқылы бірге шолу жасап өтейік.

Осыдан 15 жыл бұрын шаңырақ көтерген аты аңызға айналған Асанәлі Әшімов пен Бағдат ханымның жас айырмашылығы үлкен. Алайда, актердің жары махаббат жас пен кәріні талғамайтынына кәміл сенімді. Олардың бүгінде Асанәлі есімді ұлдары бар.

“KeshYou” тобының экс-әншісі Ақбота-Нұр мен актер Дәурен Айдарқұловтың махаббат хикаясы сонау «Гламур для дур» фильмінен басталды. Сезімге мас болған қос жұлдыз неке қиып, Ибраһим есімді батырға өмір сыйлады. Дәурен өз жұбайынан 14 жас үлкен.
Әнші Асхат Тарғынның алғашқы некесі сәтсіз болды. Алайда, тұңғыш қызымен байланысын үзбеген. Асхат өзінен 13 жас кіші Әлия есімді қызбен бірге отау құрды.

Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұловтың арасындағы таныстық алдымен достыққа, кейін махаббатқа ұласқан. Сезімдеріне сенімді жұп 2014 жылы шаңырақ көтерді. Қзаір олар Ануар есімді баланың ата-анасы атанып отыр.

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның махаббаттары үлкен хикая секілді. Продюсер мен әнші болып жұмыс бастаған олар ортадағы сезімнің қашан және қалай басталғанынан бейхабар. Ең бастысы, Баян өзінен үш жасқа кіші Ерланның азаматтылығы мен адамгершілігіне ғашық болған.

Он жыл көптен жасырған Қайраттың Жұлдызы өзінен бір жасқа ғана үлкен. Бүгінде көрермен көзайымына айналған отбасылық жұптың екі қыз, екі ұлдары бар.

Соңғы кездері ел аузында жүрген жұп – Мереке мен Арсен. Иә, жайдарманшылар ойламаған жерден хит болып кетті. Оған себеп – Мерекенің өз күйеуінен алты жасқа үлкен болуы.

Соңғы қосылған жұптардың ішіндегі ең танымалы Абай Бегей мен Фариза болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1740590-zas-ajyrmasylygyna-karamastan-bas-koskan-otandyk-zldyzdar-kimder/