jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елдің сөзінен шаршап, екі рет тұрмыс құрған келіншек жан сырымен бөлісті

    : UGC

    Екі рет тұрмысқа шығып, екі некесі де сәтсіз аяқталған қазақ қызы өзінің жан сырымен бөлісті. Елдің сөзінен шаршаған келіншек бірінші күйеуіне қайтадан қосылғысы келетінін деп жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото:Charmani
    Фото:Charmani: UGC

    "Мен екі рет тұрмысқа шыққанмын. Бірінші күйеуіммен алты ай тұрдым. ішетін еді. Кейін ажырастық. Екінші күйеуім құмар ойындарына салынып кетті. Үйде техника, алтын, ештеңе қалмады. Мені алдап, екі мәрте несие алдырды. Оны төледім. Қысқасы, ақырында онымен де ажырасып кеттім. Енді бірінші күйеуім "қайта қосылайық" деп жүр. Ойланып қалдым. "Үшінші мәрте тұрмысқа шығыпты" деген "атақтан" гөрі "бірінші күйеуімен қайта қосылыпты" деген абыройлы сияқты", - деген келіншек көпшіліктен ақыл сұараған.

    Бұл сауалға елімізге танымал тележүргізуші, шетелдік азаматпен шаңырақ көтерген Жанар Байсемізова өзінің Instagram парақшасы арқылы жауап қайтарды.

    "Тұрмыс құрғаннан кейін бақыттан басың айналып, эйфорияда жүремін деп ойлау қате. Қайта сынақтар еселене түседі. Өз "кармаңа" еріңнің "кармасы" қосылғанда кейде жаныңды қоярға жер таппай кетесің. Күйеуге қазіргі заманда ешкім мәжбүрлеп қоспайды. Өзің таңдайсың. Өз ықтиярыңмен қосыласың. Қыз бен жігіт болып жүру басқа, бірге өмір сүру мүлдем басқа. Бір жерлерінде өзіңді сындыруға тура келеді. Белгілі бір принциптеріңді өзгертуге тура келеді. Күйеуіңе бағынуға, сөзін тыңдауға тура келеді. Бәрі сен ойлағандай бола бермейді. Бір кезде роза сыйласа, бір кезде тікенектерін де батырып алады.

    Бірақ бәрібір тұрмыс құрған әйелдің статусы жоғары. Қанша қиындық көрсең де, отбасылық өмір ең керемет. Шыңдаласың. Өсесің. Өнесің. Сен бәрібір сүйіктісің. Сіз біраз аялдаңыз. 126 күйеуге тисеңіз де, елдің ештеңесі кетпейді. Өзіңіз сорлайсыз", - деді Жанар Байсемізова.
    Елдің сөзінен шаршап, екі рет тұрмыс құрған келіншек жан сырымен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.