jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Екі рет ажырасқан әйгілі модель өзінен 16 жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақ

    : UGC

    Әлемге әйгілі модель Хайди Клум жақында тағы да қалындық атанғалы жатыр. Анықталғандай, 45 жастағы әйел мен оның 29 жастағы сүйіктісі алдағы уақытта некелесуді жоспарлап отыр. Танымал модельдің таңдауы "Tokio hotel" музыкалық топтың әншісі Том Каулитцке түскен деп жазады ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Бұл жұлдызды жұптың көңіл қосқаны жөнінде ұзақ уақыт бойы ел арасында сыбыстар жүрген. Қарым-қатынастарын барынша жасырып тырысқанымен, олардың жұп екені бәрібір де әшкере болатынына көнген олар елден тығылмауды жөн санады.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Түрлі мәдениет шараларына бірге қол ұстаса барған ғашықтардың қарым-қатынасы аз уақыт аралығында тойға ұласарын ешкім болжамаған.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Алайда, жұпқа жақын адамдардың айтуынша, Хайди мен Том бір-біріне ессіз ғашық. Оларға жас айырмашылығы мен модельдің балалары бар болғаны да әсер етпеген.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Том өз сүйіктісінің перзенттерін бүкіл жан-тәнімен жақсы көретін болып шықты.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Бірінші күйеуімен Хайди бес жыл бойы тұрған. Алайда, өзара келісе алмаған жұп ажырасып тынды. Ал екінші жұбайы әнші Силмен болса, Хайдидің махаббаты мәңгілік болып көрінген.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Фото: harperbazarus.com
    Екі рет ажырасқан әйгілі модель өзінен 16 жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақ: UGC

    Жұлдызды отбасы төрт баланы тәрбиелеп өсірді. Бірақ та араға жеті жыл салып, модель өз күйеуімен ажырасып кетті. Көпшілік, Хайди оның көзіне өз күзетшісімен шөп салды деп болжады. Елдің айтқаны, ажырасудың соңына дейін жеткен кезінде расталды.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Ажыраса сала күзетшісімен қарым-қатынасын жасырмаған әйел көптің сынына ұшыраған болатын. Алайда, онымен де келісе алмаған жұлдыз артынша тағы бірнеше ер адамдармен бақыт құруға тырысқанымен, бәрінің соңы айырылысуға әкеп соқтыра берді.

    Фото: harperbazarus.com
    Фото: harperbazarus.com: UGC

    Нәтижесінде, ұзақ күткен өмірлік серігі Том Клаулитц болған. Әнші де бұған дейін отбасылы болып, ажырасып кеткен.

    Хайди мен Том өздерінің үйлену тойын алдын ала ойластырып, оның дайындығына кірісіп кеткен көрінеді.

    Екі рет ажырасқан әйгілі модель өзінен 16 жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.