jitsu gif
Шоубиз

    Атағы жер жарған әлемдегі ең бай актриса із-түзсіз жоғалып кетті

    : UGC

    Қытайда әлемдегі ең қымбат ақы төленетін актрисалардың бірі жоғалып кеткен. Алайда үш айдан бері оның ісі бойынша тексеру жүргізіліп, куәгерлерден жауап алынбаған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фань Бинбин. Фото: Life.ru
    Фань Бинбин. Фото: Life.ru: UGC

    "Люди Икс" фильмінің жарық жұлдызы, 37 жастағы Фань Бинбин соңғы рет үш ай бұрын туыстарымен хабарласып, әлеуметтік желіде оқырмандарымен байланысқан.

    Кей мәліметтерге сүйенсек, Фань Қытайдың "қара түрмесіне" жабылған. Онда ел азаматтарына дұрыс үлгі көрсетпей жүргендерді отырғызатын көрінеді. Айыптыларды түн ортасында ешкімге көрсетпей алып кетіп, оған күш көрсетеді екен. Әзірге модельдің ел басшылығына несімен ұнамай қалғаны белгісіз. Көпшілік оның байлығы мен атағы тым асқақтап кеткен шығар деген болжам айтуда.

    Фань Бинбин. Фото: Life.ru
    Фань Бинбин. Фото: Life.ru: UGC

    Фань Бинбин "Люди Икс" фильміне түскен соң әлемдік дәрежеде таныла бастаған. Екі жыл өткен соң оның табысы 13 миллион еуроға жетіп, ең бай актрисалар тізімінде бесінші орынға тұрақтаған. Осы жылы ол Пенелопа Крузбен бірге "355" деген триллерде ойнап шықты. Сондай-ақ сұлу әйел Louis Vuitton, De Beers, Champagne House және Chopard luxury watches сияқты танымал брендтерді таныстыратын.

    Фань Бинбин. Фото: Life.ru
    Фань Бинбин. Фото: Life.ru: UGC

    Ал басқа болжамдар бойынша, оның жоғалып кетуіне себеп болған соттағы дау-дамайлар екен. Өткен жылы Фань елдің вице-президенті Ван Цишанмен қарым-қатынасы туралы қауесет тараған соң сот көмегіне жүгінген. Сондай-ақ ол жылжымайтын мүліктер арқылы заңсыз келісімдер жасап, пара алды деген күдікке ілінген.

    Фань Бинбин. Фото: Life.ru
    Фань Бинбин. Фото: Life.ru: UGC

    Сондай-ақ Фань салық төлеуден жалтарғаны үшін де қамалған болуы мүмкін. Жергілікті БАҚ мәліметінше, оның салықтағы берешегі 5,9 миллион евроға жетіп, тергеуге алынған.

    Айта кетейік, оның сүйіктісі де модельмен бірге жоғалып кетті.

    Фото: Life.ru
    Фото: Life.ru: UGC

    Фото: Showasia
    Фото: Showasia: UGC

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.