jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әйелдерін орамал астына жасырған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

    : UGC

    Еліміздегі отандық жұлдыздардың көбісі әйелдерін халық алдына шығарғысы келмейді. Ал кей әншілер жұбайларын орамал астына жасырған. Шоу-бизнес өкілдерінің орамалды келіншектері жайлы NUR.KZ жазады.

    Дильен мен Керменбаевтың, Жорабаев пен Қазретовтің келіншектері. Фото: Әншілердің желідегі парақшасынан алынды
    Дильен мен Керменбаевтың, Жорабаев пен Қазретовтің келіншектері. Фото: Әншілердің желідегі парақшасынан алынды: UGC

    Бұл тізімде "Меломен" тобының әншілері мен "Mysterions" тобының екі мүшесі, "Өнер қырандары" тобының әзілкештері, Талғат Жорабаев, Нұржан Керменбаев, Абай Бегей бар.

    Нұржан Керменбаев жары Назеркемен таныстығына Тараздағы концерт себеп болған. Хиджабтағы ару мен әншінің бүгінде екі ұлы бар.

    Биылғы жылы екінші рет шаңырақ көтерген Абай Бегейдің де таңдауы дін жолындағы аруға түскен. Әншінің жары өзінен 16 жас кіші.

    Айта кетейік, әншінің тұңғышы әкесінің екінші рет үйленгеніне ренжіп, сөйлеспей қойған. Тіпті жаңа туған жиен немересін де атасына көрсетпеген.

    Алтынай Жорабаеваның інісі Талғат Жорабаев та хиджабтағы арумен шаңырақ көтерген. Олардың таныстығына әлеуметтік желідегі дін мәселесі себеп болыпты. Бір жылдан аса уақыт телефонмен сөйлескен жастар, үшінші кездесуде отбасын құрған.

    Танымал әзілкеш Мадияр Серікбаев өзінің жары Дана Тұрарбекпен студент кезінде танысқан. Бүгінде олар "Өнер қырандары" әзіл-ысқақ театрында бірге жұмыс істейді. Жұбайлардың отау құрғанына он жылдан асқан.

    "Mysterions" тобының әншілері Дильен мен Ілияс Харов та келіншектеріне хиджаб кигізген.

    Фото:Kaztube.kz
    Фото:Kaztube.kz: UGC

    Жақында Аша Матай тіпті Арман Қоңырдың достарының әйелдерімен сөйлеспейтінін мәлім еткен.

    "Меломен" тобының үш әншісі де орамалды аруды өмірлік серігі еткен.

    Күні кеше анасының 60 жасын дүркіретіп жасап берген Ролан Қазретовтің көпшілік көзіне көріне түсе бермейтін келіншегін желіге Мақпал Жүнісова салып қойды.

    Аталмыш топтағы Қайрат Мырзаханов та жұбайын көпшіліктің көзінен тасада ұстайды. Алайда оның туған күнінде әйелінің суретін салып, үш баласы барын мәлім етті.

    Ғабит Бибасұлы екі әріптесіне қарағанда сүйген жарының суретін жиі жүктейді. Бұл әншінің де жұбайы орамалды арулар қатарында.

    Естеріңізге сала кетейік, өнер иелерінің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

    Әйелдерін орамал астына жасырған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.