jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ешкімге қарамаймын: Кентаулық жігіт 14 жас үлкен әйелге қалай ғашық болғанын айтты

    : Original

    Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде өзінен 14 жас үлкен әйелге үйленген жігіттің видеосы шарлап кеткен болатын. Осы бейнежазбаның басты кейіпкері Кентау қаласының 27 жастағы тұрғыны Абдулла Алтеке жұбайына қалай ғашық болғанын айтып берді деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

    Абдулла Алтеке, Қанатгүл Байқұлова. Фото: NUR.KZ
    Абдулла Алтеке, Қанатгүл Байқұлова. Фото: NUR.KZ: Original

    Екі жас әлеуметтік желі арқылы танысқан. Қанатгүлдің екі баласының барына қарамастан, Абдулла үйленуге ұсыныс білдірген.

    "Қанатгүлге ұсыныс білдірдім. Отбасын құрайық деп айттым. Алғашында ол қалжың ретінде қабылдап, мән бермеді. Ал мен айтқанымнан қайтпадым", - дейді Абдулла Алтеке.

    Сондай-ақ биыл 27 жасқа толған күйеу жігіт әйелінің 42-де екеніне мән бермейтінін, бастысы әйеліне деген сезімінің адал екенін айтады.

    "Қазақта айтады ғой "махаббат жасқа қарамайды" деп. Негізі мен оған сенемін. Қанатгүлден басқа ешкімге қарамаймын. Өзімнің әйелім, сыйлаймын", - деп жан сырын ақтарды Абдулла.

    Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан қалыңдықтың видеосы таралған еді. Желі қолданушылары тіпті әйел адамның жарынан 18 жас кіші екенін айтып, шулаған еді.

    Осыдан кейін NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берген қалыңдық түрлі қауестке нүкте қойып, шындықты өзі баяндап берген болатын.

    Ешкімге қарамаймын: Кентаулық жігіт 14 жас үлкен әйелге қалай ғашық болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.