jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Белгісіз арумен құшақтасқан Димаш көпшілікті Валентин күнімен құттықтады (фото)

    : Instagram

    Димаш Құдайберген Instagram парақшасында белгісіз бойжеткенмен түскен суретін жүктеп, көпшілікті Валентин мерекесімен құттықтады. Әнші тыңдармандарын дүр сілкіндірген суреттердің клиптен алынған кадрлар екенін түсіндірді деп жазады NUR.KZ.

    Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
    Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

    Димаштың айтуынша, Испанияда түсіріліп жатқан клиптің жанры фантазиялық бағытта екен.

    "Құрметті, тыңдармандарым! Сіздерге "Любовь уставшей лебеди" клипінің түсірілімнен бірнеше сурет көрсетпекпін. Бұл видеоның директоры Алан Бодаев. Айта кетейік, клипім фантазиялық бағытта түсірілмек. Валентин күні құтты болсын!", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары әншінің жаңа ісіне сәттілік тілеп, өздерінің клипті асыға күтетіндерін жеткізді.

    "Құттықтаймыз", "Клипті асыға күтеміз", "Өте ерекше", "Клипіңіздің түсірілгелі жатқанын естігенмін. Бірақ суреттерді көргеннен кейін, клипті асыға күтетін боламын".
    "Сізді де Валентин күнімен құттықтаймыз", "Жарайсың, Димаш! Қай істі бастасаң да, жолың ақ болсын", "Димаш, енді клипті тезірек шығарыңыз" деп жарыса жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    Белгісіз арумен құшақтасқан Димаш көпшілікті Валентин күнімен құттықтады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.