jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Талғат Теменовтің жас актрисаларды жақсы көретіні рас па?

    : Twitter

    Белгілі "Махаббат станциясы" фильмінің режиссері Талғат Теменов өзін жас актрисаларды жақсы көреді деп сынағандарға жауап берді. Өнер иесі өз өмірі мен жанұясы, шығармашылығы жайында "Назерке Нұртаспен кешкі шай" бағдарламасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: abai.kz
    Фото: abai.kz: Twitter

    Режиссер инабатты қыздарды табиғаттың сыйына, сұлулықтың нышанына балады.

    "Теменов жас, сұлу актрисаларға ылғи қарайды дейді. Онысы өтірік. Әрине, кейде мен туралы олай ойлағанда "солай болу керек шығар"дейсің.

    Жалпы немерелерім қылтиып өсіп келе жатқан кезде мен қыздар туралы көп ойлана бастадым.

    Өйткені, қыз - сұлулықтың символы. Кез келген қоғамда, кез келген ұжымда сұлу, жас қыз болмаса, бәрі де быт-шыт болып кетеді. Өйткені, қыз бала биязылығымен, үнсіздігімен ұжымдағы ер адамдарды тәрбиелейді. Бұл табиғаттың ер адамдарға берген үлкен сыйы", -дейді Теменов.
    Фото: Видеодан кадр
    Фото: Видеодан кадр: Facebook

    Жұбайымен 40 жылдан астам уақыт отасқан режиссер неліктен үш ұлы да өнер жолын таңдамағанын түсіндіре кетті.

    "Кейде Гүлбарам туралы айтқанда қырқына шыдадың ба, қырық біріне шыда деймін. Әрине, балалардың өнерге келуге хақы да, құқы да бар еді.

    Біздің балалар мектеп бітіріп, кәмелеттік жасқа келгенде, мемлекеттің аяғынан қаз тұрып жатқан кезінде режиссер емес, актер емес, жалпы өнер ешкімге керек болмай қалды. Сол кезде басқа мамандыққа кетті.

    Бірақ, олардың кеткенінен қазақ өнері ештеңе жоғалтқан жоқ. Қазір немерелерім бар, екі қызым бар. Екеуі де музыкада. Одан кейінгі Айсұлтан - суретші", -деді ол.
    Талғат Теменовтің жас актрисаларды жақсы көретіні рас па?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.