jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқтар Серіковтің жан тебірентер сөздері Ерке Есмаханды жылатты (фото, видео)

    : UGC

    Тоқтар Серіковтен сұқбат алған Ерке Есмахан еріксіз көзіне жас алды. Ғаламторда тарап кеткен видеода әнші анасы жайлы жан тебірентер әңгіме өрбіткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан үзінді
    Фото: видеодан үзінді: UGC

    Instagram әлеуметтік желісіне тараған бейнежазба "Ережесіз әңгіме" бағдарламасынан алынған үзінді болып шыққан.

    Видеода танымал әнші Тоқтар Серіков анасы жайлы сыр шерткен.

    "Шыны керек анамның аяғын сүйемін. Мен анама жылдар қалды ма, күндер қалды ма, білмеймін. Әліден қимыстық бар. Анамды телефоныма "анашым" деп жазып қойдым. Бір күні соның тұтқасын ешкім көтермеуі мүмкін. Соның алдын алғым келеді. Ауылдан қайтатын кез мен үшін ең қиын сәт. Анашым есік алдында ұзақ тұрып алады. Бір-бірімізді ұзақ қимай тұрамыз. Сондықтан барыңды бағалау керек", - деді Тоқтар Серіков сұқбатында.

    Әншінің сөзінен кейін Ерке Есмахан көз жасына ерік берді.

    "Анамды сағынып кеттім ғой. Жұмыспен әрлі-берлі жүріп кетеміз. Арасында телефонды алмай қаламыз", - деді Есмахан көзінің жасын тия алмай.

    Желі оқырмандары салиқалы сұқбат үшін жылы лебіздерін білдірін білдірді.

    "Дұрыс. Ана әлемдегі баға жетпес жан. Аналарымыз жүз жасасын", "Иә, ананы барында бағалау керек", "Анасын сыйлаған адам кем болмайды. Алла разы болсын Тоқтар бауырым", - деп жазды желідегілер.

    Тоқтар Серіковтің жан тебірентер сөздері Ерке Есмаханды жылатты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.