jitsu gif
Шоубиз

    Алсу қызының жеңісіне сенбеген Галкиннің бағдарламасына қонақ болып келді

    : Instagram

    Ресейлік әнші Алсу "Голос.Дети" байқауында жеңген қызына қатысты даудан кейін алғаш рет сұхбат берді. Қызығы, әртіс қызының жеңісіне сенбеген Максим Галкин жүргізетін "Сегодня вечером" бағдарламсына қонақ болып келген деп жазады «Комсомольская правдаға» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Алайда, бағдаралама барысында Алсудың қызына және оның жеңісіне қатысты тақырып мүлде қозғалған жоқ. Сұхбат соғыс және Жеңіс күні аясында өрбіді.

    Алсу соғысқа қатысқан жұбайының атасы мен әжесі туралы айтып берді.

    Сонымен қатар, реесейлік жұлдыз кезінде өз ата-апасына көп уақыт бөліп, сол заман туралы сұрастырмағаны үшін өкінетінін мойындады.

    "Біз кішкентай болдық. Оны түсінбейтінбіз де. Мұндай адамдардың қатары күннен күнге азайып бара жатқаны өкінішті. Біздің балаларымыз енді бұл әңгімелерді бізден еститін болады" , - деді ол.

    Түсінікті жағдайларға байланысты ән байқауындағы жанжал тақырыбы бағдарлама барысында айтылмады.

    Еске сала кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейн сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

    Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

    Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

    Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.