jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "51 жыл ғашық болдым мен саған": Жүрсін Ерман жұбайымен қалай танысқанын айтты

    : Facebook

    Қазақ айтыс өнерінің жанашыры, журналист Жүрсін Ерман жұбайымен қалай танысқанын айтып берді. Ол 52 жыл отасқан әйелі Бақытжамал Ерманованың көңілін қалай тапқаны жайында "Түнгі студия" бағдарламасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадр/ Түнгі студия
    Фото: Видеодан кадр/ Түнгі студия: Facebook

    Ақын қазірде ошағының түтінін түтетіп жүрген жарымен мектеп бітірген соң үйленгенін айтты.

    "Біз мектепті жаңа бітіре салып табыстық. Жасөспірім бозабал, бойжеткен қыз ғой ол кезде. Екеуіміздің ауданымыз бір-ұлы Ұлытау ауданы. Ауылдың балаларымыз. Жездесі Боздақ деген ауылда тұратын. Сол жерге менің туған ағам мал дәрігері болып барды. Сосын екеуміз мерекеге ауылға бардық . Сол жақтағы "вешірге" екеуміз екі жақтан барып, таныстық.
    Мен алыс ауылда өскенмін, біздің ауылда мұндай сұлу қыз көрген жоқ-тұғынмын. Содан көрдім де, есімнен танып, құр соңынан қалмай қойдым. Бұл қыз да қатігез екен, мойын бұрмай, қашқалақтап жарты-бір жыл жүрді. Солай құр соңынан қалмай қойдым. Киноға барса, кассаның адында тұрамын. Дүкенге барса, тағы жолға кетемін", - деді ол.

    Сондай-ақ, айтыс ұйымдастырушысы жұбайы өзінің үйдегі кеңесшісі екенін де алға тартты.

    "Естайдың сөзімен айтсақ, 51 жыл ғашық болдым мен саған, 51 жыл өмір сүрдім ендеше дегендей, содан бері сондай уақыт өтті", - деді ол.
    "51 жыл ғашық болдым мен саған": Жүрсін Ерман жұбайымен қалай танысқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.