jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шоу-бизнестің сүр бойдақтары кімдер?

    : Instagram

    Отандық шоу-бизнес әлемінде әлі күнге шаңырақ көтермей жүрген сері жігіттер мен бойдақ қыздар баршылық. KAZ.NUR.KZ жасы келсе де, отау құруға асықпайтын жұлдыздар тізімін ұсынады.

    Жұлдыздар. Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Жұлдыздар. Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Олардың арасында Тәуекел Мүсілім мен Әли Оқапов секілді азаматтар мен Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дұғалова, Әсел Сәдуақасовадай сұлулар да бар.

    34 жасқа келген Әсел Сәдуақасова отандық бағдарламалардың бірінде өзінің бұрынғы жігітімен әлі де соттасып жүргенін жеткізген болатын.

    Отандық актриса Айсұлу Әзімбаева мен Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Абылаев та әлі күнге бойдақ жұлдыздар қатарында жүр.

    "Кешью" тобының экс әншісі Кәмшат Жолдыбаева да басы бос арулардың қатарында.

    Ал Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов болса әзірге жүрегін жаулаған аруды жолықтырмаған.

    28 жастағы сері жігіт өзінің бір кездері Ақбота Сейтмағамбетпен кездескенін де айтып берген болатын.

    Көпшілік жиі жұптастыратын Жанар Дұғалова мен Тәуекел Мүсілім де әлі күнге отбасы құрмаған жұлдыздар тізімінде.

    Алайда олар бірнеше бағдарламада араларында ешқандай сезімнің жоқ екенін мәлім етті.

    Ал жуық арада отандық бағдарламаға сұхбат берген Тәуекел Мүсілім сүйіктісінің бар екенін ашып айтты.

    Бірақ өнер иесі шаңырақ көтеруге асықпайтынын да жеткізді.

    Мақпал Исабекова да бойдақтар тізімінде. Ол жеке өмірін көпшілікке жариялай бермейді.

    Шоу-бизнестің сүр бойдақтары кімдер?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.