jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Отбасылы азаматты ажырастырып, өзіне қоспақ болған ару сан соғып қалды

    : UGC

    20 жастағы ару өзінен 10 жас үлкен, отбасылы ер адаммен көңіл қосқан. Бала-шағасы бар азаматты ұнатқан бойжетен оны отбасынан айырып алып, енді сол қылығы үшін өкініп отыр деп хабарлайды devushki_nursultana парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: pixabay.com
    Фото: pixabay.com: UGC

    Бойжеткен жігітімен айырылысып, орда бұзар жастағы ер адаммен танысып, көңіл қосқанын айтты. Оныңі сөзінше, ол тіпті, ер азаматтың отбасылы екеніне мән бермеген.

    "Бір жыл бұрын жүріп жүрген жігітіммен айырылысып кеткен едім. Дәл сол кезде өзімнен 10 жас үлкен ер адамды кездестірдім. Ол үйленген, 5 жастағы баласы бар. Сымбатты, ақылды, қамқор бола алатын азамат. Біз-бір бірімізге үйренісіп кеттік. Мені шын сүйді, ал мен тек ұнаттым. Құрбыларымның қарсылығына қарамастан онымен кездесуімді тоқтатпадым. Ақыр аяғында не мені, не әйеліңді таңда деп шарт қойдым", - дейді ару.

    Сылқым сүйіктісінің ол үшін отбасынан бас тартқанын сөз етті. Дегенмен ару өзі жай ғана ұнатқан ер адамына осындай маңызды таңдау жасатқызғаны үшін өкінетінін де жасырмады.

    "Содан кейін бір апта қоңырауларына жауап бермедім. Әйелі де оның басқа біреуі бар деп сезіктене бастапты. Бір күні мені құрбымның үйінен тауып алып, көлігіне мінгізіп өз үйіне алып барды. Әйелі баласын алып төркініне кетіп қалыпты. Баланың ойыншықтары мен заттарына толы үйді көріп жаман болдым. Неге білдей бір отбасын бұздым деп өкіндім. Ғашығым мен үшін өзін бодан етті, ал мен оны енді қабылдай алмай отырмын. Жастығыма бола осылай жасаған шығармын", - деп ағынан жарылды кейіпкер.
    Отбасылы азаматты ажырастырып, өзіне қоспақ болған ару сан соғып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.