jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында "Түрксой" жастар камералық оркестрінің концерті басталды

    : Twitter

    Бүгін Түркістан облысында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында өтті.

    Фото: Түркістан облысы әкімдігі
    Фото: Түркістан облысы әкімдігі: Twitter

    27 тамыз күні Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында отандық және шетелдік өнерпаздар түркістандық көрермендер алдында алғаш рет өнер көрсетті. Концерт барысында облыс әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы өнерпаздардарға сәттілік тілей отырып, Татарстанның Халық артисі, біздің жерлесіміз, Түркістанның тумасы, дирижер Ренат Салаватовты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

    Фото: Түркістан облысы әкімдігі
    Фото: Түркістан облысы әкімдігі: Twitter

    «Өздеріңізге белгілі, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 2017 жылы Түркістан қаласын «Түркі әлемінің мәдени астанасы» етіп жариялаған болатын. Өте жоғары деңгейде өткен бұл халықаралық ірі жобаның ізін суытпай, өткен жылы Елбасымыздың бастамасымен облыс атауы «Түркістан облысы» болып өзгертіліп, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында «Жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет» деген болатын.

    Фото: Түркістан облысы әкімдігі
    Фото: Түркістан облысы әкімдігі: Twitter

    Біздің ұйым осы мақсатта өткен жылы да жаңа ашылған облыс орталығында бірнеше шара ұйымдастырған еді. Биыл да сол дәстүрді жалғастырып, ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің кезекті концерттік турнесі 2017 жылғы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» – Түркістан қаласында ұйымдастырылп отыр. Аталмыш Концерттік турне Қазақстанның Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында, Қырғызстанның Бішкек және Әзірбайжанның Баку қаласында жалғасатын болады.

    Фото: Түркістан облысы әкімдігі
    Фото: Түркістан облысы әкімдігі: Twitter

    Бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстаннан Ренат Салаватов, Қазақстаннан Анвар Акбаров, Әзірбайжаннан Мұстафа Мехмендаров дирижерлік ететін болады. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың айтуынша, ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің бұл жолғы концерттік турнесі Түрік Кеңесінің (Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі) құрылғанына 10 жыл толуы құрметіне арналып отыр.

    Фото: Түркістан облысы әкімдігі
    Фото: Түркістан облысы әкімдігі: Instagram

    ТҮРКСОЙ ұйымының да, Түрік Кеңесінің де мақсаты бір – түркітілдес халықтардың ынтымақтастығын дамыту. «Бұл оркестр – мәдени құндылықтарымызға негізделген мақсатты жұмысымыздың көзге көрінген нақты нәтижесі. Сондықтан, жас та болса халықаралық аренада танымалдыққа ие болған өнерпаздарымыздың өнерін тамашалауға шақырды.

    Түркістан облысында "Түрксой" жастар камералық оркестрінің концерті басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.