jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" өз жеңісіне сенімді екенін айтты (видео)

    : Facebook

    Жас әнші Ержан Максим халықаралық "Junior Eurоvision" ән байқауында Қазақстан намысын қорғайды. Қазіргі таңда, тума талант Польшада музыкалық доданың финалына дайындалып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аталмыш ән байқауының финалы осы жексенбіде Гливиц қаласында өтпек. Ержан "Хабар 24" арнасының журналистерімен тілдесіп, финалдық концерт алдында мүлдем уайымдап жатқан жоқ екенін айтты.

    Қазақстан атынан шығатын әнші басты дайындық үрдісі жақсы өткенін жеткізді. Ержан Максим өзіне сенімді екенін айтты.

    Оған қоса, жас әнші тыңдармандарына junioreurovision.tv байқаудың сайтында өзіне аянбайдауыс беруін сқрады,. Анықталғандай, дауыс беру басталып кетті. Сонымен қатар, телекөрермендер өнер көрсетуден кейін 15 минуттың ішінде дауыс бере алады.

    Ержан "Балалар Евровидениесінің" барлық қатысушысы аса мықты екенін айтты. Олардың арасынан қазақстандық талант әсіресе, Украина мен Аустралия өкілдерін атап өтті.

    Ақтық сынның тікелей эфирін 24 қараша күні сағат 21:00-де "Хабар 24" арнасынан көре аласыздар.

    Айта кетейік, Ержан Максим Польшадағы "Балалар Евровидениесі" байқауына аттанды. Ол оныншы нөмірмен өнер көрсететін болады. Оның алдында Уэльс елінен келген қатысушы ән шырқамақ. Ән байқауында Ержан өзінің "Арманыңнан қалма!" әнін орынайтын болады.

    Көрермендер арасында дауыс беру 23 қараша күні басталды. Ол ақтық сынның басталуына 30 секунд қалғанда жабылмақ.

    Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" өз жеңісіне сенімді екенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.